ММА

Бұрынғы UFC файтері такси жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталды

Бұрынғы UFC файтері такси жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталды

Италиялық бұрынғы UFC файтері Алессио Ди Кирико Испанияда такси жүргізушісіне шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Ди Кириконы, оның әйелі мен екі баласын тасыған жүргізуші спортшыға жергілікті заң бойынша артқы орындыққа бірден төрт адамның отыруына тыйым салынғанын айтқан. Жүргізушінің ескертуіне наразыболған Ди Кирико оның бетінен бірнеше рет ұрған: ер адамның бет сүйегі сынып, көзі жарақаттанған.

Айта кетейік, Алессио Ди Кирико ММА-да 20 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жеткен. Былтыр қыркүйекте ресейлік Роман Копыловтан нокаутпен ұтылғаннан кейін UFC-ден кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0