Тартысты жекпе-жек Алматыдағы турнирдің бастапқы кардына енді

Еуразиялық промоушен Алматыда өтетін OCTAGON 45 турниріндегі қызықты жекпе-жек туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
27 мамырда жеңіл салмақтағы жекпе-жекте жеңіліп көрмеген қырғызстандық Әділет Мамытов (4-0) пен оның тәжікстандық әріптесі Амирхон Атахонов (5-1) төбелеседі.