«Ордабасы» бас бапкері «Оқжетпеске» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Ордабасы» бас бапкері «Оқжетпеске» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 10-туры аясында өткен «Оқжетпеске» қарсы матчты туралы пікірін айтты.

- Өзіміз күткендей, ауыр матч болды. Шабуылда ойлағанымыздың бәрі бола қойған жоқ. Десе де, ойыншыларым жарады. Жеңісті жұлып алды десем болады. Олар алаңға барын салып, жеңіске деген құштарлығын көрсетті. Матч соңына дейін шабуылда ойнауға тырыстық. Дегенмен қарсыласымыздың қорғаныстағы ойынын атап өткен жөн. Бірақ қарсылас қорғанысын бұзып өте алдық. «Оқжетпестің» өз стиліндегі сапалы гол соқтық деп санаймын. Олар голдарының көпшілігін осылай соғады.

Тағы да, ойыншыларыма көрсеткен жігерлігі үшін алғысымды айтқым келеді. Ойлағаныңның бәрі бола бермейтін осындай матчтарда өз бойынан күш таба алды. Әрине, бізге қосымша күш-жігер беретін - бұл біздің жанкүйерлеріміз. Жігіттермен жанкүйерлерге стадиондағы атмосфера үшін алғыс айтуды және таңдануды тоқтатпаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0