OCTAGON формасын алғыңыз келе ме? Онда конкурсқа қатысыңыз!

Еуразиялық OCTAGON промоушены лига формасының екі жинағына ұтыс ойынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
«OCTAGON 45 турнирі қарсаңында – OCTAGON ФОРМАСЫН Ұтып ал! Бұл жолы бір емес, екі форма болады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 мамырда Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында OCTAGON 45 турнирі өтеді, кештің басты кездесуінде «Қазақ седзюдосы» Дамир Төленов (9-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін үшінші рет қорғайды. Қарсыласы қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулу (11-6) болады.
Кештің негізгі жекпе-жегі – жартылай ауыр салмақтағы OCTAGON чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) пен ММА-поп жұлдызы Даниял «Т-34» Эльбаев (9-5) арасында өтеді.