Теннис

Елена Рыбакина Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Римде өткен WTA 1000 Internazionali BNL d'Italia турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Ангелина Калининамен кездесті. Бірінші сетте Рыбакина 6:4 есебімен ұтты.

Екінші сетте Калинина сол жамбасының жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты, Рыбакина осылайша биылғы маусымдағы екінші турнирін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0