Андрей Голубев жұптық сында Турин турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италиядағы Турин челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші финалда жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Натаниэль Ламмонс - аустралиялық Джон Пирспен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта қарсыластарын 7:6 (7:4), 6:7 (6:8), 10:5 е есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Андрей Голубев жұптық сында биылғы маусымда алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов сербиялық Никола Качичпен бірге осы доданың жартылай финалынан аса алмады.