Шпилевский Кипр чемпионатының үздік бапкері атанды

«Арис» футбол клубының беларусьтік бапкері Алексей Шпилевский Кипр чемпионатының үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жүлде жеңімпазын лига футболшылары арнайы дауыс беру арқылы анықтады. Беларусь маманына сыйлық PASP FOOTBALL AWARDS-2022/23 салтанатты рәсімінде берілді.
Кипр чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда «Арис» АПОЭЛ-ден үш ұпай алға озып, турнир кестесінде көш бастап тұр.