Теннис

Рыбакина Римдегі турнирдің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды

Рыбакина Римдегі турнирдің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды

Поляк теннисшісі Ига Свентек Римде өтіп жатқан WTA 1000 саз турнирінің ширек финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда әлемнің бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 24-орында тұрған хорват Донна Векичті екі сетте ұтты.

1 сағат 36 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:4 есебімен поляктың пайдасына аяқталды.

Жартылай финалға шығу үшін кездесуде Швентек қазақстандық Елена Рыбакинамен кездеседі.

Рыбакина - Швентек кездесуі ертең, 17 мамырда Астана уақытымен сағат 15:00-де өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0