Теннис

Қазақстандық теннисші Италияда әлемнің төртінші ракеткасымен кездеседі

Қазақстандық теннисші Италияда әлемнің төртінші ракеткасымен кездеседі

Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің (АТР рейтингінде 49-орын) Рим қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/16 финалындағы қарсыласы анықталды деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз норвегиялық Каспер Руудпен (4) кездеседі. Матч 14 мамыр күні Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Айта кетейік, алдыңғы айналымда Бублик америкалық Бен Шелтонды 6:4, 1:6, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0