Чемпиондар лигасы: «Интер» ойыншылары «Миланды» жеңді

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында «Милан» - «Интер» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Миландық қос ұжым арасындағы алғашқы ойында 2:0 есебімен «Интер» жеңіске жетті. Кездесудегі қос голды Эдин Джеко мен Генрих Мхитарян бірінші таймда соқты.
Айта кетейік, қос команда арасындағы қарымта матч бір аптадан кейін, 17 мамырда өтеді.