Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатының 1/2 финалындағы қарсыластары белгілі болды

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулеріндегі қазақстандықтардың барлық қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz ақпарат агенттігі Караванға сілтеме жасап.
12 мамырда рингке шығады:
48 кг дейін. Санжар Ташкенбай - Эдмонд Худоян (Ресей)
54 кг дейін. Махмуд Сабырхан - Йосвани Вейтиа (Куба)
67 келіге дейін. Дулат Бекбауов - Лаша Гурули (Грузия)
71 келіге дейін. Асланбек Шымбергенов - Нишант Дев (Үндістан)
80 кг дейін. Нұрбек Оралбай - Имам Хатаев (Ресей)