ММА

OCTAGON лигасы «Қазақ Сехудосы» чемпиондық атағын қорғайтынын хабарлады

OCTAGON лигасы «Қазақ Сехудосы» чемпиондық атағын қорғайтынын хабарлады

Еуразиялық промоушен Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (9-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz

27 мамырда өтетін OCTAGON 45 турнирінде Төленов тәжірибелі қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулумен (11-6) кездеседі.

«OCTAGON 40 турниріндегі жарқын жеңістен кейін қырғыз спортшысы белбеуге басты үміткер атанды. Алманбет мансабындағы жекпе-жектің жартысынан көбін нокаутпен аяқтады, ол Қырғызстанға үшінші чемпиондық белбеуді алып кететініне сенімді. Төленов ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі мықтылығын тағы бір рет дәлелдеп, титул қорғау бойынша лиганың жаңа рекордын орнатуға бел байлап отыр!», – деп жазды лиганың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Төленов титулын үшінші рет қорғағалы отыр. Бұған дейін «Қазақ сехудосы» отандасы Дархан Сқақов (7-5) пен тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоевпен (6-1) жекпе-жек өткізіп, чемпион мәртебесін сәтті растаған болатын.

Кештің негізгі жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы OCTAGON чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) ресейлік поп-ММА жұлдызы Даниял «Т-34» Эльбаевпен (9-5) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі – UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі – 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0