«Хисамицу Спрингс» – «Алтай» матчының тікелей трансляциясы

2 мамырда өскемендік «Алтай» волейболдан әйелдер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында 5-9 орындар үшін турнирдің соңғы турында жапониялық «Хисамицу Спрингс» клубымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеше шығысқазақстандық волейболшылар ирандық Пайканнан сенімді жеңді – 3:0 (25:15, 25:20, 25:18). Жапониялық команда Моңғолияның «Хувсгул Эрчим» командасын 3:0 (25:15, 25:7, 25:8) есебімен жеңген. Алдағы кездесудің нәтижесі клубтық құрлық біріншілігінде бесінші орынды кім алатынын анықтайды.
«Хисамицу Спрингс» – «Алтай» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 12:30-да басталады.
Фото asianvolleyball.live