Данил Мұсабаев батуттағы гимнастикадан жазғы спартакиадада алтын медаль алды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтіп жатқан батуттағы гимнастикадан VI жазғы спартакиаданың бірқатар бағдарламадағы чемпионы мен жүлдегерлері анықталды.

Акробатикалық жолақта секіруден қыздар арасында командалық сында Алматы қаласы топ жарса (60,6 балл), аз ғана ұпай қалып кеткен Қарағанды облысы 2-орын (60,2) алды. Үздік үштікті Шымкент қаласының (57,6) гимнастары түйіндеді. Бұл бағдарламада әр командада 3 спортшыдан өнер көрсетті. Іріктеу нәтижесі бойынша финалға 4 команда шықты.

Осыдан кейін кезек жекелей сынға келді. Мұнда Виталия Смотрикова (ШҚО, 22,4 балл) чемпион атанса, шымкенттік Яна Головицкая (21,5) күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола Милана Швабтың (Қарағанды, 21,1) еншісінде. Сайыстың бұл түріне барлығы 16 гимнаст қатысты. Оның жартысы жартылай финалға, тағы жартысы финалға жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер