Екі салмақтағы «болашақ» чемпион UFC-дегі қазақстандық туралы ашық айтты
ММА-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатқан жеңіліп көрмеген Райымбек Асан (2-0) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық UFC файтері Дамир Исмағұловпен бірлескен жаттығулары туралы айтты.
«Дамир мінезді, көп жұмыс істейді. Ол маған үнемі: «Біз ұрып-соғып, жұмыс істеуіміз керек» дейді. Одан өмірде де, спортта да көп нәрсені үйренуге болады», - деп бөлісті спортшы.
Еске салайық, Райымбек Асан келесі жекпе-жегін 29 сәуірде Алматыдағы OCTAGON 44 турнирінде Иранның жеңіліп көрмеген файтері Мохемеджавад Хосейнабадиге (2:0) қарсы өткізеді. Жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтеді.
Бұған дейін Дамир Исмағұлов Асанды екі салмақта OCTAGON лигасының болашақ чемпионы деп атаған.
Айта кетейік, 29 сәуірде Алматыда өтетін<span> </span>O44<span> </span>турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.
Турнирдің бас серіктесі -<span> </span>UNDERDOG Sports спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Кешке билетті<span> </span>zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады