Қуат Хамитов футбол жайлы: Олар, тіпті, көршілерімізді жеңе алмайды
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов күрестен өткен Азия чемпионатының нәтижесін қорытындылау барысында футболшылардың айлығын тілге тиек етті.
«Спорт министрлігіне не спорт федерацияларына ұсыныс жасамаймын. Бәріне айтамын. Футболшылардың айлығы Азия чемпионатының жүлдегерлерінде болу керек. Спорт - бұл нәтиже. Спортта тек қатысқаныңыз үшін төлемейді. Әрқашан нәтиже көрсету керек. Ал біздің балуандар нәтижені көрсете білді.
Енді оларға футболшылар бір айда алатын жалақысындай сыйақы төлеңіздер. Өйткені біздің футболшылар ешқашан Азия чемпионы бола алмайды. Олар, тіпті, көршілерімізді жеңе алмайды», — деді «Найман».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или