Дәрменов бұрынғы Bellator файтерімен жекпе-жек өткізеді

Дәрменов бұрынғы Bellator файтерімен жекпе-жек өткізеді

29 сәуірде Алматыда өтетін OCTAGON 44 турнирі аясында жартылай орта салмақтағы қазақстандық Еркін Дәрменов Тьяго Оливейрамен (16-9) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Американың Bellator лигасында бақ сынаған бразилиялық файтер OCTAGON-дағы екінші жекпе-жегін өткізгелі отыр. Биыл ақпанда Оливейра Қазақстанның тағы бір өкілі Георгий Кичигиннен (27-10) техникалық нокаутпен ұтылған болатын.

Айта кетейік, 29 сәуірде Алматыда өтетін<span> </span>O44<span> </span>турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі -<span> </span>UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Кешке билетті<span> </span>zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или