Гилберт Бернс: Шавкат Рахмонов UFC чемпионы бола алады, мықты файтер

Гилберт Бернс: Шавкат Рахмонов UFC чемпионы бола алады, мықты файтер

Жартылай орта салмақтағы бразилиялық UFC чемпионы Гилберт Бернс қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қарсыласын қылқындыру техникасын жоғары бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Шавкат Рахмоновтың Джефф Нилге қарсы жекпе-жектегі қылқындыру әдісі сізді таң қалдырды ма?

Жоқ, мен оның сол әдісті істей алатынын білдім. Мен онымен бірге жаттығып жүрген кезде әдісті бірнеше рет жасағанын көрдім. Оның жаттықтырушысы да, соққысы да мықты, джиу-джитсуы да жақсы меңгерген. Ол жас, талантты, барлық жағынан мығым, еркін, сонымен бірге жинақы және салқын қанды. Тамаша файтер.

- Оның әдісінің сыры неде? Қарсыластары неге осы айласына қарсы жауап таба алмай, жеңілісін мойындап жатады?

— Себебі қылқындыру әдісін тамаша меңгерген. Қай сәтте қарсыласын тығырыққа тіреу керектігін сезеді. Әр жағдайға арналған өзінің жоспары бар. Сосын бір қылқындырса жібермейді.

Болашақта чемпион атанатын спортшы. Біз бірген жаттықтық. Бір қызығы, спаринг барысында ол маған, әлде мен оған осы әдісті қолданбаған екенбіз. 

Еске салайық, 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түні Майамиде (АҚШ) Гилберт Бернс UFC 287 турнирінде Хорхе Масвидалға қарсы шайқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или