Этникалық қазақ Нұрданбек Сайран UFC 287 турнирінде төбелеседі

Этникалық қазақ Нұрданбек Сайран UFC 287 турнирінде төбелеседі

Осы демалыс күндері Майамиде (Флорида, АҚШ) UFC 287 турнирі өтеді, оның негізгі жекпе-жегінде Алекс Перейра мен Изсраиль Адесанья арасындағы қарымта шайқас өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш турнирде тегі қазақ қытайлық Нұрданбек Сайран өнер көрсетеді. Ол үшін бұл әлемнің ең мықты лигасыдағы бесінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол үш рет жеңіске жетіп, бір жекпе-жекте ұтылған.

28 жастағы қазақ файтер Стив Гарсиямен кездеседі. Бір қызығы, өткен жылы америкалықты Нұрданбектің бауыпы Мақсат Қайсар (Қытайдың атынан шығып жүрген тағы бір қазақ спортшысы) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или