Гран-при финалы өтетін OCTAGON 43 турнирінің толық карды жарияланды

Гран-при финалы өтетін OCTAGON 43 турнирінің толық карды жарияланды

Eуразиялық промоушен Алматыда өтетін OCTAGON 43 турнирінің толық кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 наурызда өтетін жекпе-жек кешінің негізгі кездесуінде жеңіл салмақта Гран-при финал аясында қырғызстандық Илимбек Ақылбек ұлы (6-1) мен қазақстандық спортшы Айваз Айдинов (5-1) төбелеседі. Жеңімпаз чемпиондық белбеу мен 10 000 доллар алады.

Негізгі кездесуде ұйымның жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы қазақстандық Әлішер Ғабдуллин (11-3) Әзірбайжан өкілі Фарид Алибабазадемен (8-5-1) кездеседі.

Турнирдің бастапқы кардында атақты қазақстандық рэпер Альтаирдің (Альтаир Үсенова) аралас жекпе-жектегі дебюті өтеді. Оның жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жегіндегі қарсыласы ММА-жың тағы бір дебютанты Мақсат Тұрсынмаметов болады.

Кеш кардының толық тізімі: 

Жартылай жеңіл салмақ

1) Батыл Қуанышбай (1-0, Қазақстан) - Тимур Қуаныш (1-0, Қазақстан)

Ең жеңіл салмақ

2) Бекасыл Бақытов (0-1, Қазақстан) - Бейбітжан Қобланов (2-0, Қазақстан)

Жеңіл салмақ

3) Зикрио Холмуродзода (1-1, Тәжікстан) - Ғабидолла Мырзашев (2-2, Қазақстан)

Жартылай жеңіл салмақ

4) Ислом Джораев (2-0, Өзбекстан) - Қожахмет Иманғали (2-0, Қазақстан)

Жартылай ауыр салмақ

5) Шахриер Вохидов (2-0, Тәжікстан) - Абузар Исраил уулу (3-0, Қырғызстан)

Жеңіл салмақ

6) Мақсат Тұрсынмаметов (дебют, Қазақстан) - Альтаир Үсенов (дебют, Қазақстан)

Жеңіл салмақ

7) Кенан Есгендерлі (3-1, Әзірбайжан) - Утукжан Союзов (5-4, Қазақстан)

MAIN CARD

Жеңіл салмақ

8) Бақтыгүл Құрманбекова (2-1, Қырғызстан) – Аян Турсын (2-0, Қазақстан)

Ең жеңіл салмақ

9) Санжар Зәкіров (4-0, Өзбекстан) – Саймумин Мадиев (5-0, Тәжікстан)

Жартылай жеңіл салмақ

10) Мортеза Резаи (6-2, Иран) – Нұрсұлтан Қасымханов (11-4, Қазақстан)

Ең жеңіл салмақ

11) Фарид Алибабазаде (8-5-1, Әзербайжан) – Әлішер Ғабдуллин (11-3, Қазақстан)

Жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жек

12) Илимбек Акылбекұлы (6-1, Қырғызстан) – Айваз Айдынов (5-1, Қазақстан)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или