Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жаңа жеңісімен құттықтады
![Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жаңа жеңісімен құттықтады](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/472_10ac2b286900b2d1b1c67ff69877af19.jpg?v=28700890)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны @lenarybakina құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!», - деп жазды Мемлекет басшысы желідегі парақшасында.