Әлемнің бірінші ракеткасы АҚШ-та өткен турнирдің жартылай финалында Рыбакинадан жеңілу себебін атады

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентек Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында қазақстандық Елена Рыбакинаға қарсы кездесуде неліктен жеңе алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«Ауыр матч. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Елена мықтырақ болды. Өкінішке қарай, қабырғам ауырсынды, маған ең жоғары деңгейімді көрсету қиын болды. Енді командамен ақылдасып, алдағы бірнеше күнді емделуге жұмсаймын», – делі поляк теннисшісі 2:6, 2:6 есебімен жеңілген соң.</span>
<span>Айта кетейік, Ига Свентек Елена Рыбакинамен төрт кездесуде үшінші рет жеңіліске ұшырады. Ол 14-15 сәуірде Астанада өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы аясында есе қайтаруға тырысады.</span>
<span>Фото Getty Images</span>