Шавкат Рахмоновтың дайындықтары спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын болды
![Шавкат Рахмоновтың дайындықтары спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201131_2147ec6bea9a9618cdf3cec9e902f39f.jpg?v=28701391)
Шавкат Рахмонов Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездесті. Кездесу барысында министр спортшыны UFC-дегі соңғы жеңісімен құттықтап, оған қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спорт және мәдениет министрі Асқар Оралов Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жектерге дайындығы Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатынын атап өтті.