русский язык
ММА

Хамитовтың қарсыласы жекпе-жектен неге бас тартқаны белгілі болды

Хамитовтың қарсыласы жекпе-жектен неге бас тартқаны белгілі болды

Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың (24-7) қарсыласы, ресейлік ММА ардагері Акоп Степанян (27-13) Mergen FC 4 турниріне қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Лига «Снайпердің» бейне үндеуін жариялап, Степанянның есепшоттары бұғатталуына байланысты әуежайда қиындыққа тап болғанын атап өтті.

16 наурызда өтетін турнирде «Найманмен» жекпе-жек өткізетін басқа қарсылас іздеп жатыр.

Айта кетейік Mergen FC 4 турнирі аясында екі титулды кездесу өтеді. Қазақстандық Талғат Жұмағалиев (9-4-1) пен ресейлік Джохар Эскиев (9-3) ең жеңіл салмақтағы вакантты белбеуді сарапқа салады.

Ал жартылай жеңіл салмақта Шыңғыс Камал (3-0) мен Назарбек Әлімжанов (3-0) 66 келіге дейінгі салмақтағы чемпионды анықтайды.

Mergen FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агентігі

Алдағы жекпе-жек кешінің билетін ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;