Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының екі ширек финалисі белгілі болады

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының екі ширек финалисі белгілі болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчы аясында өз алаңында «Лейпцигті» қабылдайды. Бұл ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Ал «Интер» сырт алаңда «Портумен» күш сынасады. Кездесуде Qazaqstan телеарнасынан қарауға болады.
Ойындар Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады.