Зайнутдиновтің командасы «Крылья Советовті» жеңді

Ресей Премьер-лигасының 19-туры аясында ЦСКА өз алаңында «Крылья Советовпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында 4:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
ЦСКА сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов бұл ойында қосалқы құрамда қалды.
РПЛ. 19-тур.
ЦСКА – «Крылья Советов» – 4:0
Гол соққандар: Антон Заболотный (24-минут), Иван Обляков (26), Федор Чалов (42), Виллиан Роша (75).