Роналду Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді
                  Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетті.
“Әл-Наср” ойыншысы өз есебінен шатыр, көрпе-жастық, балалар тағамдарын, дәрі-дәрмек, т.б. сатып берді.
Роналдудың гуманитарлық көмегі Түркия мен Сирияның ең ауыр зардап шеккен тұрғындарына ұшақпен жеткізіледі.
Оған дейін ол жер сілкінісінен аман қалған сириялық бала Набил Саидпен кездескен болатын.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или