UFC 285 турниріндегі Шавкат Рахмонов — Джефф Нил жекпе-жегіне бейнешолу. ВИДЕО

UFC 285 турниріндегі Шавкат Рахмонов — Джефф Нил жекпе-жегіне бейнешолу. ВИДЕО

5 наурыз күні таңертең қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (Невада) UFC қарамағындағы бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы жерлесіміздің қарсыласы америкалық Джефф Нил болды. Қос спортшы 14 қаңтарда жекпе-жек өткізуі керек болған, бірақ қарсыластың жарақатына байланысты шайқас кейінге қалды.

Кездесу алдында жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Нил Рахмоновтан жоғары тұрды: америкалық жетінші, қазақстандық тоғызыншы орында.

ММА әлеміндегі ең үздік ұйымдағы бесінші жекпе-жегінде Шавкат бесінші жеңісін тіркеді. Үшінші раунд аяқталар тұста қазақстандық спортшы қарсыласын қылқындырып, Нилге мүмкіндік қалдырмай, шайқасты ерте аяқтады. 

<iframe src="https://vk.com/video_ext.php?oid=193070998&id=456239570&hash=47093ac1d2aac5c5" width="640" height="360" frameborder="0" allowfullscreen="1" allow="autoplay; encrypted-media; fullscreen; picture-in-picture"></iframe>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или