Рахмоновтың қарсыласы салмақ шегін орындай алмады

Америкалық файтер Джефф Нил UFC 285 турнирі аясындағы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джефф Нил таразыда 79,38 келі көрсетіп, жартылай орта салмақ шегін орындай алмады. Бұл Шавкаттың салмағынан 2 келіге жуық артық болып шықты.
Енді америкалық файтер Рахмоновқа гонорарының кем дегенде 30 пайызын төлейді.