ММА

UFC-де алғашқы тәжікстандық файтерді біреулер тонап кетті

UFC-де алғашқы тәжікстандық файтерді біреулер тонап кетті

Тәжікстандық файтер Нурулло Әлиев UFC-дегі дебютінен кейін оны біреулер тонап кеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл оның алғашқы жекпе-жегінен кейін АҚШ-та болған. Спортшының көлігінен барлық зат, соның ішінде ұйым берген экипировка жоғалған.

Еске салайық, Әлиевтің америкалық промоушендегі дебюті ақпанның 26-сына қараған түні Лас-Вегастағы UFC Fight Night 220 турнирінде өтті. Ол аралас жекпе-жекте әлі жеңіліп көрген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0