Зайнутдиновтің командасы Ресей кубогында «Краснодардан» жеңілді

Мәскеудің ЦСКА Ресей кубогының ширек финалы аясындағы қарымта ойында «Краснодардан» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Краснодар қаласындағы «Краснодар Арена» стадионында өткен кездесуде 1:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 50-минутта Эдуард Сперцян соқты.
ЦСКА сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов жарақатына байланысты бұл матчқа қатысқан жоқ.
23 ақпанда өткен алғашқы ойында ЦСКА 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша ЦСКА Ресей кубогының жартылай финалына шықты. Турнирдің бұл кезеңіндегі матчтар 15 наурыз мен 5 сәуірде өтеді.