«Қазақ Сехудосы» әлемдегі үздік 100 файтердің қатарына енді

Octagon чемпионы Дамир Төленов Шерзод Ибодилоевты нокаутпен жеңгеннен кейін Fightmatrix нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақтағы әлемнің ТОП-100 файтерінің қатарына енді, деп жазады Prosports.kz.
Осы жекпе-жектен кейін «Қазақ Сехудосы» 77 саты көтеріліп, 92-орынға жайғасты.
Қазақстандық файтерлер арасында Төленов 8-орында тұр. Біздің елде бұл салмақтың көшбасшысы Асу Алмабаев (27-орын).