ММА

OCTAGON 42 турнирінің басты жекпе-жегінде өзгеріс болды

OCTAGON 42 турнирінің басты жекпе-жегінде өзгеріс болды

OCTAGON 42 турнирінде өнер көрсететін өзбекстандық файтер Достон Бозоровқа жаңа қарсылас табылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтер Самат Мамедов (5-0) жарақат алып, турнирге қатыса алмайтын болды. Оның орнына енді лигада 2 рет жеңіске жеткен тағы бір қазақстандық Жансерік Жақсығұлов (3-2) өнер көрсетеді.

Жекпе-жек осы сенбіде, 4 наурыз күні Ташкентте өтеді. Файтерлер OCTAGON лигасының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атағын сарапақа салады.

Айта кетейік, кештің негізгі жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық белбеу үшін қырғызстандық Арген Абдыкадыров (7-0) пен өзбекстандық Мухамаджон Курбанов (9-4) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0