Футзал

«Қайрат» АФК Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

«Қайрат» АФК Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Алматылық «Қайрат» АФК Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңі аяқталуына төрт тур қалғанда мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

31-32 тур қорытындысы бойынша алматылықтар екінші орындағы рудныйлық «Аяттан» ұпай айырмасын 20-ға дейін арттырып, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Команданың алдында алты ойын бар, содан кейін плей-офф кезеңі басталады.

Еске салайық, «Қайрат» АФК 31-32 турда өз алаңында «Ақтөбені» екі рет (5:2 және 13:2) жеңді, ал «Аят» керісінше, ақтаулық «Каспийден» сырт алаңда екі рет (8:9 және 4:9) жеңіліп қалды.

Фото afckairat.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0