Александр Седнев: Ойын тартысты болады деп сенемін

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Суперкубы үшін өтетін «Астанаға» қарсы матч туралы пікірін айтты.
- Алдағы матч Қазақстандағы маусымның жарқын ашылуы болады деп ойлаймын, өйткені матч трофей үшін өтеді. Десе де, өте ауыр және жақсы чемионаттың басталуына серпін бергенін қалаймыз. Ойын тартысты болады деп сенемін.
Дайындыққа келер болсақ, бәрі жоспар бойынша, артық шығынсыз өтті. Біз екі күн бұрын ғана бір айға созылған Түркиядағы жаттығу жиынынан келдік. Қазір Астананың климаты мен жасанды алаңына үйренісіп жатырмыз. Аз қалған уақыт ішінде матч қарсаңында ісімізді аяқтаймыз деп сенемін. Әрине, матчқа шығатын негізгі құрам мен ойын стратегиясын да анықтаймыз.