Юрий Перцух «Шахтер» ойыншысы атанды

«Шахтер» ФК қазақстандық жартылай қорғаушы Юрий Перцухпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы ойыншы бұған дейін елордалық «Астана», оралдық «Ақжайық», Петропавлдың «Қызыл-Жар», «Бәйтерек», «Атырау» және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсеткен.
Қазақстан құрамасы сапында 17 кездесу өткізіп, бір гол соққан.