Астанада әйелдер арасында теннистен екі ірі халықаралық жарыс өтеді

Астанада әйелдер арасында теннистен екі ірі халықаралық жарыс өтеді

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында 27 ақпан – 12 наурыз аралығында ITF World Tennis Tour сериясында әйелдер арасында «BeeTV 40 Women's» және «BeeTV 60 Women's» жарыстары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

<span>Екі турнирдің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды.</span>

<span>Додаға әлемдік рейтингте ТОП-300-ге кіретін теннисшілер қатысады. Олардың арасында жапониялық Моюка Учиджима (120 WTA), жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің тоғыз дүркін жеңімпазы, франциялық Кристина Младенович (150 WTA), ресейлік Анастасия Захарова (166 WTA), румыниялық Ирина-Мария Бара (197 WTA), сербиялық Наталья Стефанович (221 WTA) және басқалар бар.</span>

<span>Аталмыш жарыстарда Қазақстан намысын Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Дана Байдәулет, Жанель Рүстемова сынды теннисшілер қорғайды.</span>

<span>Әйелдер арасындағы ITF World Tennis Tour аясына алты санаттағы $15 000, $25 000, $40 000, $60 000, $80 000 және $100 000 жарыстары кіреді. Елордадағы додалар үшінші және төртінші санатқа сатады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или