Теннис

ATP рейтингісі жаңарды. Бублик орнын сақтап қалды

ATP рейтингісі жаңарды. Бублик орнын сақтап қалды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық рейтингтің жаңарған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштікке сербиялық Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас және грекиялық Стефанос Циципас енді.

Қазақстандық Александр Бублик 50-орынды сақтап қалды. Тимофей Скатов 125-орыннан 129-орынға төмендеді.

Андрей Голубев жұптық рейтингте бір саты төмендеп, 44-орынға жайғасты. Александр Недовесов 7 саты төмен сырғып, 68-қатарға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0