АСА: Резников сияқты файтерлеріміз Махачевпен бәсекелесе алады

ACA вице-президенті Асланбек Бадаев өз лигасындағы жеңіл салмақтағы спортшылары UFC чемпионы Ислам Махачевқа бәсекелес бола алатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Ол жақсы файтер. Бірақ ол да Артем Резников, Али Багов, Абдул-Азиз Абдулвахабов, Эдик Вартанян, Юсуф Раисов қатарлы біздің жігіттер сияқты екі қол, екі аяқ, қан мен еттен жаралған адам екені анық.
Махачев біздің файтерлер үшін қол жетпес биікте дей алмаймын. Біздің үздік файтерлер оған қиындық тудыра алатынына сенімдімін», – деді Бадаев.