«Қайраттың» экс-футболшысы Криштиану Роналдумен қол алысудан бас тартты. Видео

Сауд Арабиясы чемпионатындағы «Аль-Наср» мен «Аль-Таавун» кездесуінде күлкілі оқиға орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Аль-Таавун» шабуылшысы Леандре Тавамба гол соққанымен, кейін оффсайд тіркелді. Криштиану Роналду қарсыласына қолдау көрсетуді ұйғарып, қолын созды. Дегенмен, Тавамба жұлдызды футболшының қолын алудан бас тартты.
Ойын 2:1 есебімен «Аль-Насрдың» пайдасынаа яқталды. Бұл матчта португалдық нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Леандре Тавамба 2016 жылы «Қайрат» сапында ойнаған болатын. Камерундық алматылық клуб сапында барлығы 22 кездесу өткізіп, 4 гол соқты.
Cristiano Ronaldo et Léandre Tawamba lors du match entre Al Nassr et Al Taawon (2-1) en Saudi Pro League ce vendredi. @gael_kana@Cristiano@AltaawounFC@Nawaf_STATSpic.twitter.com/X4y4lqy0tv
— AllezLesLions (@AllezLesLions) February 17, 2023