Күрес

Пара дзюдодан әлемдік Гран-приде қазақстандық спортшылар үш медальға ие болды

Пара дзюдодан әлемдік Гран-приде қазақстандық спортшылар үш медальға ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Португалияда өткен әлемдік Гран-приде қазақстандық пара дзюдошылар 2 «алтын» және 1 «қола» медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі csp-parasport.kz сайтына сілтеме жасап.

Токио 2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ануар Сариев (J2) 60 кг салмақта финалдық белдесу грузиялық балуанды жеңіп, алтын медальға ие болды.

Екінші алтынды (J2) 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Олжас Оразалыұлы әкелді. Ол финалдық белдесуде қарсыласы әйгілі француздық палуан Петит Натханды иппонға түсіріп, таза жеңіске жетті.

Ал, (J2) +90 келі салмақта өнер көрсеткен Ерлан Конкиев қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетсек, пара дзюдодан әлемдік Гран-при Алмада (Португалия) қаласында 30-31 қаңтар аралығында өтті. Жарысқа 22 мемлекеттен 91 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер