Теннис

Елена Рыбакина ресми түрде WTA рейтингінің топ-10 қатарына енді

Елена Рыбакина ресми түрде WTA рейтингінің топ-10 қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілері рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 15 сатыға көтеріліп, карьерасында алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Юлия Путинцева үш сатыға көтеріліп, 44-орында тұр. Жібек Құламбаева 34 сатыға, Гозал Айнитдинова 79 сатыға көтерілді. Өткен маусымның екінші жартысынан бері өнер көрсетпеген Зарина Дияс бұрын жинаған ұпайларынан айырылып, қазір WTA рейтингінде жоқ.

Жұптық сында Анна Данилина 10 сатыға сөмендеп, 24-орында тұр. Ал Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалына шыққаннан кейін 70 сатыға көтеріліп, 108-орынға тұрақтады.

Australian Open жеңімпазы беларусь өкілі Арина Соболенко бесінші орыннан екінші орынға, америкалық Коко Гауф алтыншы орынға көтерілді. Ресейлік Вероника Кудерметова топ-10 қатарынан шығып қалды, оның орнына Рыбакина көтерілді.

WTA рейтингі. 30 қаңтардағы орындар
1 (0). Ига Свентек (Польша) – 10485
2 (
+3). Арина Соболенко (Беларусь) – 6100
3 (
-1). Онс Жабер (Тунис) – 5210
4 (
-1). Джессика Пегула (АҚШ)5000
5 (
-1). Каролин Гарсия (Франция) – 4645
6 (
0). Коко Гауфф (АҚШ)3992
7
(-1). Мария Саккари (Грекия) – 3811
8 (
0). Дарья Касаткина (Ресей)3380
9 (
+1). Белинда Бенчич (Швейцария)2905
10.
(+15). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 2815
44 (+3). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1114
449 (+34). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 102
506(+79). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 82
543. (-73). Анна Данилина (Қазақстан) – 70
1182 (0). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 7

Фото championat.com via Getty Images

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер