Рамазан Оразовтың жаңа клубы белгілі болды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Павлодардың Ақсу клубына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оразов павлодарлық клубтың ұсынысын қабылдап, команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысып үлгерген.
Еске салайық, 2022 жылғы маусымда Оразов «Ақтөбе» сапында 22 матч өткізіп, клубтың Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алуына көмектескен болатын.