«Оны оңай нокаутқа түсіремін»: Әлімханұлы Мунгияның промоутеріне жауап берді

«Оны оңай нокаутқа түсіремін»: Әлімханұлы Мунгияның промоутеріне жауап берді

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгияны оңай нокаутқа түсіретінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Twitter парақшасында жазылушылардан Хайме Мунгуияның келесі жекпе-жегін кіммен көргісі келетіндерін сұрады.

Бұған қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы: «Оны оңай нокаутқа түсіремін, Ин ша Алла» деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Әлімханұлы орта дивизонның мықтылары онымен кездесуден қашады деп айыптаған болатын. Жәнібек пен Хайме кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или