Роналду жаңа клубындағы алғашқы ресми матчына қатысады

Роналду жаңа клубындағы алғашқы ресми матчына қатысады

«Аль-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының 14-туры аясындағы «Аль-Иттифакқа» қарсы ойынға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду негізгі құрамда шығады. 

Кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады. 37 жастағы шабуылшы клуб сапындағы дебюттік ойынын өткізеді, ол алаңға капитан ретінде шығады.

Айта кетейік, бейсенбі күні өткен ПСЖ-ға қарсы жолдастық кездесуде (4:5) Роналду дубль жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или