OCTAGON 39 турнирінің тікелей трансляциясы

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық жекпе-жек промоушеннің 2023 жылғы алғашқы турнирі – OCTAGON 39 өтеді, деп жазады Prosports.kz.⠀
Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей, Грузия, Қырғызстан, Болгария, Түркия, Бразилия және Бахрейн спортшыларының қатысуымен 14 жекпе-жек өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақ дәрежесінде жеңіліп көрмеген екі файтер – қазақстандық Азат «Қазақ» Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрисио Нуньес кездеседі.

Турнирге қатысушылар бір күн бұрын дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 18:00-де басталады. Тікелей эфирде OCTAGON TV промоушенінің YouTube-арнасында көруге болады.
Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы