ММА

«Қазақ рухымен кездесесің». Азат Мақсұм бразилиялық файтерге жауап берді

«Қазақ рухымен кездесесің». Азат Мақсұм бразилиялық файтерге жауап берді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Азат «Қазақ» Мақсұм (15-0) OCTAGON 39 турниріндегі қарсыласы бразилиялық Фабрисо Нуньестің (8-0) мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

«Батыл мәлімдеме жасадың. Октагонда қазақ рухымен бетпе-бет келесіз. Жеңілгеннен кейін не айтатыныңды көреміз!» – деді Мақсұм.

Азат Мақсұм 11 маусымда Алан Габриэльді (12-7) жеңгеннен кейін UFC-де дебют жасауға дайындалып жүрген, бірақ файтердің жоспары жарақатына байланысты өзгерді.

Бұған дейін Бразилиядан келген спортшы 21 қаңтарда Алматыда «Қазақты» жеңетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, ең жеңіл салмақтағы бұл кездесу OCTAGON 39 турнирінің басты жекпе-жегі болады.

Кештің негізгі жекпе-жегінде 73 келіге дейінгі салмақта Еуразиялық промоушеннің жартылай орта салмақта қазіргі чемпионы Магомед Магомедов (10-0) пен қырғызстандық Санжар «Сапсан» Ажибаев (24-9) кездеседі.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0