«Қайсар» бір күнде екі спарринг-матч өткізеді

«Қайсар» бір күнде екі спарринг-матч өткізеді

Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында 18 қаңтар күні екі сынақ ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Астана уақытымен 14:00-де (Қызылорда уақытымен 13:00) «қасқырлар» алжирлік «Кабилимен» ойнайды.

Қызылордалықтардың екінші спарринг серіктесі Гянджадан келген әзірбайжандық «Капаз» болмақ. Бұл кездесу Астана уақытымен 18:00-де (Қызылорда уақытымен 17:00) басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или