«Қайрат» пен «Зенит» ынтымақтастық туралы келісім жасасты

«Қайрат» пен «Зенит» ынтымақтастық туралы келісім жасасты

<span>Алматылық «Қайрат» пен Санкт-Петербургтік «Зенит» екі жыл мерзімге ынтымақтастық туралы келісім жасасты, деп хабарлайды </span>Prosports.kz<span> </span>сайты<span> клубтың </span>баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі клубтың бас директорлары Асқар Есімов пен Александр Медведев көптеген қызмет салаларына әсер ететін екі жылдық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды, соның ішінде:

– селекциялық жұмыс, футболшылардың трансферттері мәселелері бойынша өзара іс-қимыл

– спорттық медицина, футболшыларды жарақаттан және ойын үзілістерінен кейін оңалту мәселелері бойынша ынтымақтастық

– барлық жастағы жасөспірімдер командалары, сондай-ақ әйелдер құрамы арасында жолдастық матчтар өткізу

– түрлі турнирлерге қатысу шеңберінде екі Академияның тығыз өзара іс-қимылы

– жас футболшылар мен футболшыларға, бапкерлерге және Академиялардың басқа да мамандарына тағылымдамалар өткізу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или