«Тобыл» жаңа бас бапкерін таныстырды

«Тобыл» жаңа бас бапкерін таныстырды

Сербиялық маман <span>Милич Чурчич «Тобыл» футбол </span>клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Милич Курчич 1981 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген. Бапкерлік мансабын 2013 жылы «Атырауда» ассистент ретінде бастады. Одан кейін Кувейттің «Аль-Джахра» клубында, Ливия құрамасында, Сербияның «Пролетер» және ирандық «Зоб Ахане» клубтарында жұмыс істеді. Чурчич өткен маусымды «Шахтердің» (Салигорск) бас бапкерінің міндетін атқарушы ретінде аяқтады. Оның жетекшілігімен «Шахтер» үшінші рет қатарынан Беларусь чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или